![](/static/pressapp/news/470898564182960405802377225133965857108119823n.jpg)
ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІПТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАП, ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Мүшелік жарналардың ашықтығын қамтамасыз ете отырып, оның жұмсалуына бақылау жүргізу мақсатында мақсатында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының өкілдері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде болды.
Тексеру комиссиясының мүшесі Айнагүл Маманова аталған оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымындарындағы қаржылық тәртіптің орындалуын қадағалап, қаржы мамандарына әдістемелік көмек көрсетті.
Атап айтсақ, мүшелік жарналардың дұрыс саналуы, толық және уақытында төленуін, шығыстардың заңдылығы мен тиімділігі, құрылған қорлардыпайдалану қажеттігі, кәсіподақ бюджеті мен сметасының орындалуы, қаражат және статистика есептерінің дұрыстығына көз жеткізді.
Сондай-ақ, комиссия өкілі кәсіподақ бюджеті, оның ішінде мүшелік жарналардың есебі, статистикалық есептер, кіріс, шығыс құжаттарын қарап шығып, әдістемелік көмек көрсетті.
-
Фотографии
-