ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА АЛҚАЛЫ ЖИЫН
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Атқару комитеті және Кеңес отырысы өткізілді. Алқалы жиынға Талдықорған қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Жиынды Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым Ерікқызы жүргізіп, 2024 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырып, қажетті ұсыныстарды енгізіп, бекітті.
Сонымен қатар, 2024 жылы кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары туралы статистикалық есеп бойынша филиал төрағасы Айым Ерікқызы ақпарат берді.
Отырыс барысында басқа да өзекті мәселелер қаралды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына тәжірибелік ұсынымдар берілді. Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақтың ағымдағы жылғы жұмысына оң баға беріп, алдағы жылға арналған кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.
Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жарыссөзге қатысып, кәсіподақ ұйымының жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер білдірді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-