ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен «Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» тақырыбында дәстүрлі салтанатты шара өтті. Шарада барлығы 500-ге жуық кәсіподақ мүшесі марапатталды. Салтанатты жиында облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаттары, «Мерке», «Көктем», «Сосновый бор» шипажайына жолдама, қаржылай сертификаттар, Ташкент-Cамарқанд қалаларына тарихи-танымдық саяхатқа және жас мамандарға Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама мен тапсырылды. Сонымен қатар кәсіподақ көшбасшылары ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, әлеуметтік әріптестер «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталып, 200 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Шарада «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» және «Ақтөбе облысының үздік педагогы» байқауының үздіктері 400 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының демеушілігімен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалында Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жобалық кеңсенің бастамасымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен «Жобалық менеджмент – мектепте!» пилоттық жобасы бастау алған болатын. Жоба аясында серіктестік орнап, кәсіподақ көшбасшыларының біліктілігін арттыру мақсатында Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының ұйымдастыруымен кәсіподақ көшбасшыларына арналған семинар-тренинг өтті. Семинарға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді жастарымен кездесті. Онлайн форматтағы кездесуде кәсіподақ төрағасы «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» тұжырымдамасының кәсіподақ қызметін арттыру мен жаңғырту шеңберінде жастармен жұмысты жүйелі және белсенді жүргізуге баса назар аударылғанын атап өтті.
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан ардагерлер мен ұстаздарды, кәсіподақ көшбасшыларын атаулы мерекемен құттықтады. Салтанатты шарада облыс әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары, сый-сияпаттары табысталды. Барлығы білім саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін аналар, аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер. Олардың арасында кәсіподақ көшбасшылары да бар.
Кәсіподақ көшбасшылары мен есепшілеріне арналған семинар өтті. Онлайн форматта өткен шараға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының кеңсе меңгерушісі Мәдина Бейсембаева, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова, аппарат мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, есепшілері қатысып, ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында өткен онлайн семинар-практикумде Мадина Бейсембаева кәсіподақ ұйымдарындағы іс жүргізу қағидаларын таныстырып, хаттамаларды толтыру, кіріс және шығыс құжаттарын жүргізу, қаулы, бұйрық шығару сынды маңызды құжаттарды орындаудың үлгілерін көрсетті.
Астана қаласында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауының қорытынды кезеңінің марапаттау шарасы өтті. Байқау нәтижесінде Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев «Кәсіподақтың үздік құқықтық инспекторы» атанып, жүлделі ІІ орынмен және 200 мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар байқауға белсене қатысқан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің техникалық инспекторы Нұрбол Тоқсанбаев пен Темір ауданының №4 Шұбарқұдық жалпы білім беретін орта мектебінің техникалық инспекторы Азамат Нұрмұханов салалық кәсіподақтың алғыс хаттарымен марапатталып, ақшалай сыйақыларға ие болды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында кәсіптік-техникалық ұйымдардың, облыстық мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, заңгерлік кеңестер берді. Бұдан кейін облыстық ұйым өкілдері Қобда, Ойыл, Байғанин, Темір, Әйтеке би, Мұғалжар, Ырғыз аудандарында болып, аудандық кәсіподақ мүшелерімен жүздесті. Кездесулер барысында су тасқынынан зардап шеккен 600-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы су тасқынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне 5 млн теңге көлемінде қаржылай көмек берді.
Ақтөбеге жұмыс сапары барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегация Қобда ауданының және Ойыл ауданының су тасқынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Қобда көпсалалы колледжінде өткен кездесуде кәсіподақ мүшелеріне 100 мың тенгелік сертификат табысталды. Кәсіподақ мүшелері сертификатқа сәйкес сауда үйінен қажетті техника бұйымдарын алуға мүмкіндік алды.
Көктемгі су тасқыны кезінде ұжымдық рух көрсетіп, бір үйдің баласындай еңбек еткен ақтөбелік педагогтерге марапаттар табысталды. Шарада Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының тарапынан М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының кәсіподақ мүшелеріне 1 миллион теңге берілді. Аталған білім мекемесінің директоры Төлеген Аймұқатов «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Үздік бір ұстазға жазғы демалыс кезінде емделіп демалуға «Сосновый бор» шипажайына жолдама сертификаты табысталды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері №7 арнайы (түзету) мектебінің елу жылдық мерейтойына қатысты. Мерекелік шарада №7 арнайы (түзету) мектебінің бас есепшісі Амилия Қожабаева мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Қуанғалиева «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және мектеп директоры Дина Трумова «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек облыстық кәсіподақ есебінен мектептің бес кәсіподақ мүшесіне шипажайға жолдама сертификаты табысталды.
Мұғалжар және Ойыл аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен еңбек инспекторларына арналған “Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру” тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев пен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі маман Нұрлан Жетпісбай қатысып, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері, кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді. Сонымен қатар кәсіподақ заңгерлері еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарға жауап берді.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Өнер орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында облыс педагогтерінің жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді. Шарада педагогтерге құрмет көрсетілді. Білім беру саласына елеулі үлес қосқан педагогтер «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік білім беру ұйымы» байқауының жеңімпаздары марапатталып, білім шаңырақтарының басшыларына сертификаттар табыс етілді. Білім беру саласының ардагерлеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісі, бірқатар педагогке облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Марапатталған үздік ұстаздарға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының 100 мың теңгелік ақшалай сертификаты табысталды.
Әлеуметтік әріптестік туралы салалық және облыстық келісім бойынша педагогтердің оқу жүктемесін бөлу мәселесі... Аймақ ұстаздарын толғандырған осы және өзге де сұрақтар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен семинарда айтылды. Онлайн форматта өткен семинарға облыстың барлық ауданындағы білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова Шалқар ауданындағы №1 мектеп-гимназиясының ғасыр тойына арналған салтанатты шараға қатысты. Облыстық кәсіподақ көшбасшысы мектеп ұстаздарына білім саласына сіңірген еңбектері үшін ұйым атынан Алғыс хаттар мен кәсіподақ мүшелеріне шипажайға жолдама сертификатын табыс етті.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жүлдесі үшін қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы - 2024» облыстық турнирі өтті. Қазақ күресі бойынша ұстаздар арасында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған турнирге 30-дан астам спортшы қатысты. Жеңімпаз балуандарға білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан мен кәсіподақ көшбасшысы Раушан Серікова ақшалай сертификаттар және арнайы белдіктерді табыстады.
Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында білім саласының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова қатысты. Мерекелік басқосуда сала ардагерлеріне облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының тарапынан сый-құрмет жасалды.
Ақтөбе облысының үздік педагогтері өз жұмысындағы кәсіби шеберлігі, шығармашылығы үшін марапаттарға ие болды. Салтанатты жиында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақ ұйымының 100 мың теңгелік ақшалай сертификаты мен “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгілері табысталды. Марапатталғандардың арасында ұстаздар мен білім бөлімінің басшылары бар.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жастар кеңесінің бастамасымен Алға, Қобда, Мәртөк ауданының жас ұстаздары арасында шара ұйымдастырылды. Шара соңында жастарға облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттары табысталды, сонымен қатар шараға белсене қатысқан аудан жастары жазғы демалыс кезінде Түркістан өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа баруға мүмкіндік алды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері «Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мекемесінің жиырма жылдық салтанатты шарасына қатысты. Салтанатты басқосуда білім және ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін аталған мекеменің екі қызметкері “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек 30-дан астам кәсіподақ мүшесіне облыстық кәсіподақ есебінен ақшалай сертифкаттар, шипажайға жолдамалар мен салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары табысталды.
Тараз өңірінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы – 2024» республикалық турнирі өтті. Байрақты бәсеке қорытындысында 90 кг жоғары салмақ дәрежесінде Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық мектептен тыс №1 Аула клубының қазақ күресі мұғалімі Жанкелді Айтжан жүлделі ІІ орынды еншілеп, диплом мен арнайы медальға және 350 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы «Үздік кәсіподақ көшбасшысы - 2024» облыстық байқауын өткізді. Байқауда бақ сынағандар ұжымда атқарып жатқан кәсіподақ жұмысын жандандырудағы тың идеяларымен қатар еңбек заңы мен ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысында жеңімпаздарға 150 мың, 100 мың, 70 мың теңгелік сертификатпен марапатталды, одан бөлек барлық қатысушыларға 40 мың теңгелік қаржылай марапаттар тапсырылды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ақтөбе техника-технологиялық (техникалық) колледжінің және «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасының жиырма жылдығына арналған шараға қатысты. Салтанатты шарада колледж директоры Людмила Ким мен мекеме директоры Гүлшат Балымбетова «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Шара барысында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақ есебінен «Сарыағаш» шипажайына жолдама мен Құрмет грамотасы, ақшалай сертификаттар табысталды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының маманы Айжарық Серімбетов Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің он жылдық салтанатты шарасына қатысты. Мерекелік шарада Айжарық Жайылханұлы мекеме басшысы Гүлсім Шакеноваға “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ, кәсіподақ өкілі білім саласына үлес қосқан бірқатар кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ақтөбе автожол колледжінің елу жылдық шарасына қатысты. Салтанатты шара барысында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді. Ұйым төрағасы Раушан Серікова білім саласына сіңірген еңбектері үшін кәсіподақ мүшелеріне 1 миллион теңгелік сертификатын табыс етті. Сонымен қатар шарада колледж директоры Ғалия Жұмағазина “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағыныш Елеусізова «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек облыстық кәсіподақ есебінен колледждің бес кәсіподақ мүшесіне шипажайға жолдама сертификаты мен құрмет грамотасы табысталды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу» тақырыбында семинар өтті. Семинар білім беру ұйымдарының техникалық инспекторларына арналды. Семинарда кәсіподақ заңгерлері еңбек саласындағы техникалық инспекторлардың рөлі туралы баяндады. Сондай-ақ, техникалық инспекторлар мен жұмысшыларға өздері жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысу қажеттілігі туралы айтылды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының маманы Айжарық Серімбетов Қобда аудандық өнер мектебінің елу жылдық мерейтойына қатысты. Мұнда нер мектебінің домбыра класының мұғалімі Ұлболсын Оразова мен мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Сағадат Мұхамбетоваға облыстық кәсіподақ есебінен шипажайға жолдама сертификаты мен құрмет грамотасы табысталды.
Мұғалім беделін көтеру, оның кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері республикалық спартакиаданың облыстық кезеңі, физика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық педагогикалық байқау, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2024» және «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі - 2024» облыстық байқауы өтті. Облыстық додаға қатысқан барлық кәсіподақ мүшелеріне ақшалай сыйақылар, шипажайға және Ташкент-Самарқанд қалаларына, Шымкент-Түркістан және Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалар табысталды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Лайықты еңбек жылы» аясында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай білім беру ұйымдарында болды. Жыл басынан бері барлығы 271 қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңгерлік кеңестер берді.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Еңбекші әйелдердің әлеуметтік саладағы рөлі: мәртебесі мен құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында қатысушылар қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы күрес шараларын күшейту және осы бағыттағы тиімді әдістерді жүзеге асыру, гендерлік теңдік мәселелерін талқылады. Семинарға қатысқан кәсіподақ мүшелеріне Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалары табысталды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ревизиялық комиссиясы Алға, Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарына жұмыс сапарымен барды. Сонымен қатар қаламыздағы кәсіптік-техникалық ұйымдарында болды. Кәсіподақ есепшілері аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымында қаржылық тәртіптің орындалуын қадағалап, қаржы мамандарына әдістемелік көмек көрсетті. Атап айтсақ, мүшелік жарналардың дұрыс саналуы, толық және уақытында төленуін, шығыстардың заңдылығы мен тиімділігі, құрылған фондтарды пайдалану қажеттігі, кәсіподақ бюджеті мен сметасының орындалуы, қаражат және статистика есептерінің дұрыстығына көз жеткізді.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Атқару комитетінің кеңейтілген кезекті отырысын өткізді. Жиынға облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова, атқару комитетінің мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Атқару комитетінің отырысында бірқатар мәселелер қаралды. Атқару комитетінің отырысында қаралған осы және өзге де сұрақтар бойынша тиісті Қаулы қабылданды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының маманы Айжарық Серімбетов өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдарында, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде болып, әдістемелік көмек берді. Білім мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен, мекеме басшыларымен сұхбаттасып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс барысына назар аударды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ішкі құрамына кіретін білім беру ұйымдарының келісім комиссиясының мүшелері үшін «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында семинарлар өткізілді. Семинарда ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі, келісу комиссиясының жұмыс принциптері және өкілеттіктері, келіссөздер жүргізу дағдылары, еңбек дауларын жанжалсыз шеше білу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы 2024 жылды қорытындылады. Салтанатты шарада кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан мерейлі жас иелері - кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ ардагері марапатталып, ақшалай сыйақылар табысталды. Сонымен қатар, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының үздік кәсіподақ мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да сый-құрметке бөленді. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу мен сапалы білім беру ісіндегі табысты еңбегі үшін кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақ ұйымы мен білім басқармасының бірлескен Алғыс хаты мен емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдама тарту етілді.
https://web.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya/videos/2421041438242589