ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында жылды қорытындылаған жиын өтті. Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков биыл атқарылған жұмыстарға белсене қатысқан кәсіподақтықтарды марапаттап, Алғыс хаттар, төсбелгілер мен сертификаттар табыстады.
Салтанатты жиын биыл аянбай еңбек етіп, үздік жетістіктерге қол жеткізген мамандарды марапаттаудан басталды. Үздіктер қатарында Сарысу аудандық комитетінің төрағасы Гүлмира Сұлтанбекова ҚР КФ «Еңбек озаты» белгісімен, «Еңбекші» газетінің Бас редакторы Бейбіт Бекназаров ҚР КФ «Қазақстан кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Т.Рысқұлов ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Тимур Оразбаев «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен облыстық ұйымның бас есепшісі Гулия Акимбаева, Кәсіподақтың Байзақ аудандық комитетінің есепші-маманы Зағипа Абдиева, Кәсіподақтың облыстық ұйымының бас маманы Сандуғаш Шымырқұлова, ал Федерацияның Алғыс хатымен Жуалы аудандық филиалының төрағасы Мәжит Айжанов, Біріккен комитеттің есепші-маманы Ақжүніс Құрмашева, Кәсіподақтың Байзақ ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Ләззат Айтқұлова, Кәсіподақтың Меркі ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Светлана Ержанова марапатталды.
Жиында Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен «Тараз-Профсоюз-Турист» мекемесінің Бас бухгалтері Әлия Жанабаеваның еңбегі атап өтілсе, мекеме директоры Жангелді Қойбағаровқа «ҚР Туризм саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.
Бұдан соң Жергілікті кәсіподақтың барлық санаттағы қызметкерлеріне Салалық кәсіподақтың жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда адал еңбек етіп, жоғары жауапкершілік таныту арқылы аймақтағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін Салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашеваның Алғыс хаты табысталды.
Марапаттау рәсімі жылдағы дәстүрге сай аймақтыңқоғамдық-саяси өмірінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, өз саласы бойынша табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтың еңбегі еленіп, шипажай жолдамасының сертификаты берілді. Олардың қатарында кәсіподақтың Біріккен комитеті филиалының төрағасы Жанболат Орынбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Кәсіподақ комитетінің бухгалтері Алла Харина, Жуалы ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Гүлжан Орымбаева, «Тараз-Профсоюз-Турист» мекемесінің баспагері Жанат Усербаева мен Шу аудандық кәсіподағының көлік жүргізушісі Нұрлан Омаров бар.
- Сіздер қажырлы еңбек пен тындырымды тірліктің нәтижесінде біздің үлкен ұжымның «Жыл үздігі» атандыңыздар. Әр бастамалырыңыз өз нәтижесін беріп, әріптестеріңізге үлгі болдыңыздар. Сіздердің Жаңа жылда да жарқын еңбекке ұйытқы болатындарыңызға сенімім мол!, - деді Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков өз сөзінде.
Барша марапатталғандар өз кезегінде ризашылық сезімін білдіріп, еңбекті бағалай білген Жергілікті кәсіподақтың басшы құрамына алғыстарын білдірді.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы
-
Фотографии
-