
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА
Республика күні қарсаңында Қызылорда облысы орталығында өткен Қазақстан мұғалімдерінің V республикалық спартакиадасының жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарына арнайы облыстық кәсіподақ тарапынан емдеу-сауықтыру шипажайына жолдамалар табысталған болатын.
Аталмыш жолдама аясында спорттық спартакиадада шеберлік танытып, командалық есепте І орынды қанжығасына байлаған жалпы саны 52 ұстаз бүгінде «Нұр әлем» шипажайында демалуда.
Осылайша, ұстаздық жолын қоғамдық жұмыстармен ұштастырып, салауатты өмір салтын өскелең ұрпақ алдында дәріптеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегін ескерусіз қалдырмауға қашанда тырысып келеміз.
Айта кетейік, еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаладан келген 1000-ға жуық педагог арасында спорттың жеті түрінен сайысқа түскен қызылордалықтар командалық есепте жүлделі І орынды иеленіп, мәртебемізді асқақтатқан болатын.
-
Фотографии
-