ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы төрағасы М.Төлепбергенов пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы Е.Келемсеиіт өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Маңызды бастама аясында білім саласының ардагерлері назарға алынады. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалы әр саланы қамтып, топтар жасақтауда. Оның ішінде білім саласында ұзақ жылдар қызмет атқарып, бүгінде құрметті еңбек демалысындағы бірқатар ұстаздардың басын қосып, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктерін арттыруда.
Бұл бастамаға Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы қолдау танытып, кәсіподақ жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлерінің Кеңесімен бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Қоғамдық бірлестіктер алдағы жұмыс жоспарларын құрмақшы. Игі бастама үш жылға жасалды. Маңызды құжат бұғанға дейінде әрекет етіп, ауқымды шараларға арқау болған. Білім ордаларында кездесулер өтіп, сала ардагерлері жас мамандарға өмірлік тәжірбиелерін айтып, кәсіподақтың маңыздылығымен бөлісті. Нәтижесінде бірқатар білім ордалары қоғамдық бірлестіктің құрамына кіріп, кәсіподақтың саны артты.
Ардагер ұстаздар да кәсіподақтың қолдауымен түрлі марапаттарға ұсынылып, шаралардың қадірлі қонағы болды. Бастама жалғасын табатын болады.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-