
ШҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2025 жылғы 15 қаңтарда «Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігігінің Атқару комитетінің отырысы өтті.
ШҚО жергілікті кәсіподақ төрағасы Назгуль Касенова бастаған Атқару комитетінің мүшелері білім қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби жағдайын жақсартуға бағытталған өзекті тақырыптар мен бастамаларға қатысты бірқатар негізгі мәселелер осы отырыстың күн тәртібінде талқыланды.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыстық, аудандық және ұжымдық кездесулер мен кеңестерді қаржыландыру мүмкіндіктері қарастылды.
2024 жылдың есеп-беру конференциясында қабылданған «2025 жыл - Жас кәсіподақ жетекшісі және оның тәлімгері» жылын өткізу барысының басты бағыттары бекітілді.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 01 қантарынан бастап Республикалық деңгейде қабылданған салық және есеп саясатындағы өзгертулер таңыстырылып ағымдағы жобалар мен бастамаларды қаржыландыруға тікелей әсер ететін кәсіподақ ішіндегі салық саясатын талқылау да отырыстағы күн тәртібініңі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қосымша қаралған әр-түрлі мәселелердің бірі Қазақстандық салалық кәсіподағының 2024-2025 жылдарға арналған кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты облыстық деңгейде бейімдеу, кәсіподақтық оқытудын басты бағыттарын айқындау, кәсіподақ белсенділерінің біліктілік сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
2025 жылдың маусым айында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық және Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойына орай, тікелей қызмет көрсету бастауыш кәсіподақ ұйымдарының командалары арасындағы XII облыстық спартакиадасының ережесі бекітілген. Бұл іс-шара кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын сақтау, командалық рухты нығайтып қана қоймай, қатысушылар мен олардың отбасыларын бұқаралық дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.
Атқару комитетінің күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Отырыс сындарлы ұсыныстармен және белгіленген жоспарларды іске асыру мерзімдерін белгілеумен аяқталды, бұл кәсіподақтың барлық мүшелерінің ұйым өміріне белсенді қатысуына кепілдік береді.
-
Фотографии
-