ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті жанынан құрылған “JAS ORDA” жастар кеңесінің әр ұйымдағы төрағаларымен “Жастар - елдің тірегі, үкілі үміті” тақырыбында бір күндік жастар лагері өткізілді.
Мақсаты: ақпараттық қоғамда жас кәсіподақ мүшелерінің жеке қабілеттерін ашу арқылы түрлі өмірлік әрекеттерге қатысуға және өзін - өзі дамытуға, басқаруға, білуге, ізденуге, үздіксіз білім алуға дайын, әртүрлі проблемалардың оңтайлы шешімін таба алатын қабілетті жастар кеңесі төрағаларын қалыптастыруда шығармашылық әлеуетін іске асыру және кәсіби шеберліктерін жетілдіру, озық тәжірибелерді насихаттау, өзара тәжірибе алмасу. Кәсіподақ мүшелерімен бірлесіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Бір күндік лагерь жастар кеңесінің төрағаларына жаңадан ашылған кәсіподақ комитетінің әдістемелік кабинетпен танысуымен басталса, әрі қарай тренингпен жалғасты.
Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Ділманов Бауыржан Қыдырбайұлы жастарға “Тұлғааралық қарым-қатынасты дамытудағы эмоционалды зияттың маңызы” тренингін өткізді.
Тренинг жастарға тығыс байланысты орнатып, қарым-қатынасты қалыптастыру, өмір ағымын баланста ұстау, эмоцияны басқару, бағындыруды үйретті.
Кезінде жастар кеңесінің төрағасы болған, қазіргі таңда мектеп директорының орынбасарлары, “Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы” кадрлық резерв жобасының жеңімпаздары Е.Қуанышев, А.Қыстаубаев кадрлық резерв жобасымен бөлісті.
№7 мектеп-лицейінің мұғалімі Қаршығаев Төремұрат Сабытұлы жастарды командалық жұмысты бірлесе жұмылып атқаруға, ұйымшылдыққа, белсенді болуға үйрету мақсатында кәсіподақ жастар кеңесінің төрағаларына “Тимбилдинг” сайысы өтті.
Шараға кәсіподақ ардагері Алимбетова Орынша Міржақыпқызы, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Шамшатова Ануза Аманжолқызы, облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Бақытова Гүлнұр Ермекқызы қатысты.
Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған “JAS ORDA” жастар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Данияр Ғалымжанұлы жастар кеңесінің жоспарға сәйкес жасалған жұмыстар туралы баяндама жасады.
“JAS ORDA” жастар кеңесінің төрағасы болып №7 мектеп-лицейінің педагог-ассистенті Жұмабек Дінмұхаммед Жарқынбекұлы сайланды.
Жастар ішкі көңіл-күйлерімен бөлісіп, білім алып, дамуына үлкен үлес қосқан тәжірибеге ризашылығын білдірді.
Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың көшбасшысы болыңыздар!
-
Фотографии
-