КӘСІПОДАҚТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТТЫ
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы мүшелік ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірқатар мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық туралы меморандум жасады.
Оның ішінде Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы да бар. Аталған басқарма өңірде Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын насихаттауға мүмкіндік жасау, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы, жастардың толыққанды тұрақты дамуына ықпал етуде. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, Волонтерлік қызметті жаңғырту, тіл, мәдениетті насихаттау бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін ақпараттық-идеологиялық жағынан сүйемелдейді. Мекеме басшысы Абибеков Бауыржан Бақытұлы жан-жақты жұмыс жүргізіп, қоғамның дамуына атсалысуда.
Облыстық кәсіподақ ұйымы аталған мемлекеттік мекемемен бірлесіп, жастар саясатын жандандыру, ақпараттық қолдау таныту мақсатында өзара меморандум қол қойды. Қос тарап алдағы уақытта нәтижелі жұмыс істеуге уағдаласты.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және
жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу»
жергілікті кәсіподағы»қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі
-
Фотографии
-