
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ
Қылжиқова Гүлжан Шәкерқызы 1992 жылдан бастап «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп –лицейі» КММ кіші қамту қызметкері болып 32 жыл қызмет атқарып келеді. 2015 жылдан бері кәсіподақ мүшесі.
Гүлжан апайдың күнделікті жұмысы оқушылар мен ұстаздар үшін жайлы, таза орта қалыптастыруға бағытталған. Әр таң сайын, мектеп есігін аша салысымен, ол өз жұмысын ынта-ықыласпен бастайды. Едендерді жуу, сынып бөлмелерін жинау– бұл күнделікті ісі. Мектеп ұжымында Гүлжан апай сыйлы, жастар ақыл кеңес сұрайтын ақылшы.
Көп жылдар бойы Гульжан апай бос уақытында спортпен шұғылданып келеді, нақты айтқанда жеңіл атлетикамен. Осыған байланысты көптеген жетістіктерге жеткен тұлға: 400 м жүгіруден ІІІ орын, 1500 м жүгіруден І орын, Салауатты өмір салты атты эстафетада І орын. Күнделікті өмірі жұмыс және салауатты өмір сүру принциптеріне негізделген.
Адал еңбегі үшін бірқатар марапаттардың иесі: 2023 жыл - аудан әкімінің Алғыс хаты, 2023 жыл - ШҚО жергілікті кәсіподағының «Еңбек адамы» медалі, 2024 жыл - мектеп директорының Құрмет грамотасы.
Мектептің ерекше жанашыры, соңғы шегіне дейін мектебінің бұрыш-бұрышын таза ұстап, әркімнің білім алуына, дамуына ықпал жасауды өзінің басты мақсаты санайды. Гульжан апайдың еңбекқорлығы мен жауапкершілігі мектептің атмосферасына оң әсер етеді.
-
Фотографии
-