
ҰСТАЗДАР БАҚ СЫНАСТЫ
Республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми –әдістемелік,спорттық-патриоттық журналы ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Асық ату және Тоғызқұмалақ спорты федерацияларының қолдауымен 25-26 қаңтар күндері Шымкент қаласында ұстаздар арасында Асық ату, Тоғызқұмалақ, Үстел теннисі спорттары мен Пневматикалық атудан республикалық турнирлер өткізілді.
Облыс намысын қорғауға осы сайысқа «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шет аудандық комитеті филиалының қолдауымен Ә.Ермеков атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қаракекілов Мұхтар Тақанұлы қатысып, Тоғызқұмалақ ойынынан жүлделі 1 орынды және Үстел теннисі ойынынан 3 орынды иеленді.
Қарағанды облыстық ұйымы Шет аудандық комитетінің филиалы
-
Фотографии
-