
ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ!
Бүгін «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы №45 «Арман» балабақшасының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, кәсіподақтың алдағы жоспарымен бөлісті.
Сонымен қатар, №45 «Арман» балабақшасы тәрбиешісінің көмекшісі Орманова Айсауле мерейлі жасқа толуымен құттықтады. Еңбек ұжымында сыйлы болған Айсауле Төкенқызының адами қасиеттерін ерекше құрметтеген әріптестері қалалық филиалға ұсыныс жасап, «Қаратал» шипажайына жолдама берілді.
Балабақша меңгерушісі Ұлтуар Мамекова ұжым атынан Айсауле Төкенқызын құттықтап, жылы лебізін білдірді. бағалы сыйлығын табыс етті.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ
Талдықорған қалалық филиалы