
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМЫНА - ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ
Атаулы жыл аясында Ақтөбе облыстық ұйымы жұмысшы мамандықтарды насихаттап, өмірі үлгіге толы еңбеккер жандарға құрмет көрсету мақсатында «Еңбек адамы» тақырыбындағы айдарын жалғастырады.
Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері - Өтемұратов Әкімжан Мұстайұлы. Кәсіподақ мүшесі қазіргі уақытта Ақтөбе автожол колледжінде арнайы пән оқытушысы болып қызмет атқарады.
Тәуелсіз еліміздің нығаюы жолында жастарды тәрбиелеп, өмір бәйгесіне қосқан Әкімжан Мұстайұлының сүбелі еңбегі көпке үлгі.
Әріптестері Әкімжан Мұстайұлын осы кезге дейін еңбексүйгіш, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, азаматтық қасиеттерге ие білікті маман ретінде таниды.
https://web.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya/videos/820778860194135