
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
Нұрпейісов Талғат Сапиолданұлы №1 Теректі орта мектебінде күзетші. 28 жыл өз жұмысын тиянақты, әрі үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Өз ісіне тыңғылықты, талапшыл және еңбексүйгіш бола білген қасиеттеріне орай еңбегі бағаланып, 2023 жылы «Еңбек адамы» төсбелгісімен марапатталды.
Осы жылдар ішінде спортпен айналысып, волейбол, футбол спорт түрлерінен болған ауылдық, аудандық жарыстарға белсене қатысқан.
Отбасында жарымен бірге екі қыз тәрбиелеп, құтты орнына қондырған шаңырақтың ақылшысы, ардақты әке.
Қай кезде де сөзі ісінен алыс кетпейтін, тура мінезді, өмірге деген көзқарасы ұшқыр, ойы зерек Талғат Нұрпейісов әріптестері мен достары арасында да сыйлы ерекше жан.
-
Фотографии
-