
КӨРКЕМ ЕҢБЕК МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Орал қаласының білім беру бөлімі, әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы БҚО ұйымы» ҚБ Орал қалалық комитеті-Филиалының қолдауымен «Сәкен Ғұмаров балалар көркем сурет мектебі» базасында Ұлы суретші С.Ғұмаровқа арналған дәстүрлі «Қыл қалам өрген өрнектер» тақырыбында көркем еңбек мұғалімдері арасында сурет байқауы өтті.
Қазылар алқасының шешімінің негізінде қалалық байқаудан жүлделі орындар иеленген мұғалімдер қалалық білім беру бөлімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғыс хаттармен және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы БҚО ұйымы» ҚБ Орал қалалық комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.
Кескіндеме бағыты бойынша марапатталғандар:
I орын -№42 «Ақ ниет» гимназиясы көркем еңбек мұғалімі А.Шатанова;
IІ орын- А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ көркем еңбек мұғалімі Қ.Кенжеғалиев;
IІ орын- А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы көркем еңбек мұғалімі А.Гайсина;
IІ орын - №48 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі Н.Рақым;
IІІ орын -№5 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі А.Қалиев;
IІІ орын -№28 мектеп-лицейі көркем еңбек мұғалімі Б.Ильясова;
IІІ орын - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі көркем еңбек мұғалімі Е.Жүсіпқалиев.
№49 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі Д.Есқалиева Алғыс хатпен еленді.
Графика бағыты бойынша:
І орын -№7 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі Е.Худякова;
ІІ орын- Круглоозерный ЖОББМ көркем еңбек мұғалімі Н.Қабасов ;
ІІ орын -№13 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі М.Акунишникова;
ІІІ орын- Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы көркем еңбек мұғалімі А.Жамелова иеленді.
Аралас техника бағыты бойынша:
І орын - №25 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі Е.Зверева;
ІІ орын- Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ көркем еңбек мұғалімі А.Асылбекова ;
ІІІ орын-№1 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі Р.Сүндетбаева марапатталды.
№39 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі А.Сармұқановаға Алғыс хат табысталды.
-
Фотографии
-