АТАУЛЫ ЖЫЛ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРА
7 ақпан күні Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті.
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеу мақсатында өткен іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысып, жұмысшы мамандардың қоғамдары беделін арттыру бағытында атаулы жыл аясында атқарылатын жоспарлы шаралар туралы мәлімдеді.
Шара аясында ұрпағын жұмысшы маман болуға баулып, атадан балаға мирас етіп дәріптеген династия өкілдері; еңбек ардагерлері, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі чемпионаттарға қатысып, облыстың намысын қорғап жүрген колледж студенттері ұлықталды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы техникалық және кәсіптік білім беру саласына еңбегі сіңген мамандарға облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Салтанатты шараға әлеуметтік әріптес ретінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.А.Баймбетова да қатысты.
Іс-шара барысында облыстағы жұмысшы мамандарын даярлайтын колледждерде студенттердің қолымен дайындалған дүниелерден көрме жасақталды.
Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдегі колледждердің бітіруші түлектері үшін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңесін ұйымдастырып, оған 30-ға жуық жұмысберуші мекеме қатысты.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-