![](/static/pressapp/news/whatsapp-image-2025-02-10-at-170736.jpeg)
ШАЛҚАР АУДАНЫ: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Шалқар ауданына сапары барысында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері Нұрлан Жетпісбай мен Айжарық Серімбетов №1 мектеп-гимназиясында, №5 мектеп-лицейінде, “Болашақ” бөбекжай бақшасында, Шалқар ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде, Шалқар көпсалалы колледжінде қоғамдық бақылау жүргізіп, әдістемелік көмек берді.
Облыстық ұйым өкілдері аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарттар арқылы кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығы мен кепілдігін қорғау жөніндегі жұмыс тәжірибесімен танысты.
Облыстық ұйымның өкілдері аталған білім беру ұйымдарында кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Кездесуде еңбек өтілі және оған байланысты еңбек демалысын беру, қоса атқару кезінде емделу ақысын төлеу мәселелері, біліктілік санатын алу тәртібі, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы, нормативтік оқу жүктемесі, материалдық көмек көрсету сияқты өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сауалдарын қойып, мамандардан жауап алды.
Сонымен қатар аудан педагогтері демалыс кезінде ұстаздардың жұмыс кестесі қалай болуы тиіс, декреттен кейін еңбек демалысына шығуға бола ма, педагогтарды басылымдарға жазу қаншалықты дұрыс тағы сол сияқты көптеген сұрақтардың жауабын алды.
-
Фотографии
-