
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қалалық филиалының ұйытқы болуымен волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараға білім беру мекемелерінен 20 команда қатысып, 200-ден астам педагог бақ сынады.
Шараның ашылу салтанатында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың мақсатын айқындап, жақсы ойын көрсеткен педагогтар іріктеліп, облыстық ұйымның спартакиадасына жолдама алатынын жеткізді.
Жарыстың бас төрешісі Беделхан Оңалбаев ережемен таныстырды. Командалар алдымен жеребе тартып, спорттық ойын жалғасын тапты.
Командалар топқа бөлініп, М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі, Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы, Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің ғимаратында өзара жарысты.
Нәтижесінде І орынды №15 орта мектебі, ІІ орынды Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектебі, ІІІ орынды Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі және Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы иеленді.
Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Ардагер ойыншы» номинациялары бойынша командалар арасында үздіктер анықталды.
Жеңімпаздар мен үздіктерге кәсіподақ тарапынан диплом, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фотографии
-