
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
Айгүл Байсалқанова 1995 жылдың қазан айынан бері Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Топқайын ауылының «Қалихан Ысқақов атындағы орта мектебі» КММ қамту қызметкері болып адал еңбек етіп, мектеп өміріне ерекше үлесін қосып келеді.
Айгүл Сағдақызы – үйде де, қоғамда да ізгіліктің нағыз символы. Жанұясында жұбайы мен бес бала тәрбиелеп, оларды өмірдің қиындығы мен қызығын бірлесе көтеруге баулыды. Әрбір баласының жетістігі мен бақытын өзінің қуанышындай сезінеді.
Спортқа да жақын Айгүл Сағдақызы үстел теннисінен аудандық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, сондай-ақ облыстық кәсіподақ спартакиаданың жүлдегері. Оның табандылығы мен қажырлы еңбегі жоғары құндылықтар үлгісі.
2024 жылы ШҚО оқу ағарту, жоғарғы білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіподағы «Еңбек адамы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – қоғамдағы асыл жандардың еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі.
-
Фотографии
-