
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Қызылорда облыстық ұйымы Атқару комитетінің кезекті отырысы болып өтті.
Жиынның күн тәртібіне ұсынылған мәселелердің негізгілері - Ұйымның 2024 жылғы құқықтық жұмыстарын қорытындылау бағытында болса, ағымдағы мәселелер қатарына Ұйымның, Кәсіподақ белсенділер мектебінің, облыстық Жастар кеңесінің, Әйелдер істері жөніндегі коммиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту сұрақтары енгізілген болатын. Аталған мәселелер ұйым мүшелерімен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Айта кетсек, есепті мерзімде еңбек қатынастарына қатысты кәсіподақ мүшелерінің 1695 өтініші қаралып, 1248 құқықтық қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, еңбек заңнамасының орындалуы бойынша білім беру ұйымдарында 386 қоғамдық бақылау жүзеге асырылып, нәтижесінде 479 бұзушылық анықталып, жұмыс берушілерге бұзушылықты жою жөнінде 176 ұсыныс жолданып, бұзушылықтар жойылды.
Бұған қоса, Кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен 29 жеке еңбек даулары қаралды.
Кәсіподақ органдарының талаптары бойынша кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне 131 053 100 теңге өндірілді.
Құқықтық мәселелер бойынша кәсіподақ мүшелері үшін 7 әдістемелік нұсқаулықтар әзірленіп, бастауыш ұйымдарға таратылды.
Кәсіподақ ұйымының биылғы жылға жоспарланған ауқымды іс-шараларын әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымызда өздеріңізбен бөлісетін боламыз.
-
Фотографии
-