
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
15 ақпан 2025 жылы - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл болды. Осыған орай, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бастауыш кәсіподақ комитеті Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өткізіп, құрмет көрсетті. Шараны ШҚТУ әскери кафедрасы және IT колледж оқытушылары ұйымдастырып, өткізді.
Құрметке лайық жандар қатарында:
Веселков Сергей Иванович - Әскери кафедраның аға оқытушысы;
Затримайлов Владимир Михайлович - Әскери кафедраның аға оқытушысы;
Роговский Валерий Владимирович - Халықаралық инженерия мектебінің аға оқытушысы;
Оспанов Нашым Жүнісбекұлы - ШҚТУ автокөлік бөлімінің жүргізушісі;
Буйкунов Оразбек Рамазанұлы - ішкі қауіпсіздік қызметі;
Қасымов Рашид Орынбасарұлы - ішкі қауіпсіздік қызметі;
Рахимов Жәнібек Байсолтанұлы - ішкі қауіпсіздік қызметі;
Кеңесбаев Дидар Майданбекұлы - ішкі қауіпсіздік қызметі.
Осы азаматтардың әрқайсысы өз өмірінің бір бөлігін әскери борышын өтеуге арнап, ерлік пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бүгінде олар өз қызметтері мен еңбектері арқылы қоғамға пайдасын тигізіп келеді.
Шара барысында ардагерлерге алғыс сөздері айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, келешек ұрпақ үшін үлкен өнеге екенін атап өтті.
Бастауыш кәсіподақ комитеті барлық Ауған соғысы ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ өмір және баянды бақыт тілейді!
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-