
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІЛІ АЗАМАТ
Өмірбек Жанымхан 2019 жылдан бері «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ электрик мамандығы бойынша еңбек етіп, өз мамандығына жауапты қызметкер атанып, қызметін абыроймен атқарып келеді.
Өмірбек Жанымхан өз ісінің хас шебері ғана емес, сонымен қатар ұжымында сыйлы, ақыл-кеңесіне құлақ асатын тәжірибелі маман. Ол әрқашан жаңа тәсілдер игеруге ұмтылып, білімін жетілдіруден танбайды. Ұжымдастары оның еңбекқорлығын, жауапкершілігін және адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайды.
Ол өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай, еңбегімен елге танылған азамат.
-
Фотографии
-