
ЖАС МАМАНДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ақтөбе облысының. Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен балалар саз мектебі мен филиалдарының жас мамандары арасында «Үздік қосымша білім беру жас маманы – 2025» тақырыбында аудандық байқау ұйымдастырылды. Байқауға 10 жас маман қатысып, жұмыс тәжірибелерін ортаға салды. Жастар арасындағы дода үш кезең бойынша өтті.
Байқауға қатысқан жастар бірінші кезеңде “Қосымша білім беру педагогі қандай болу керек?” тақырыбы бойынша презентация қорғады, екінші кезеңде “Менің сабағымның өткізілу барысындағы кәсіби шеберлігім” панорамалық сабақ көрсетті. Ал, соңғы кезеңде портфолио тапсырды.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені хореография класының мұғалімі Ақбота Еркебұланқызы жеңіп алды. І орын домбыра класының мұғалімі Дәурен Асуға бұйырса, ІІ орынды домбыра класының мұғалімі Азамат Сағатов қанжығалады. Ал, ІІІ орынды домбыра класының мұғалімі Нұрғиса Базарбай иеленді.
Байқауға қатысқан жас мамандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, кәсіподақ сыйына ие болды.
-
Фотографии
-