
БІЛІКТІ ЖАС МАМАН
Бүгінгі кейіпкеріміз өз ісінің шебері, жаңашыл, бала жанының бағбаны, жүзі жылы мейірімді маман - Утеулиева Айман Кеңесбайқызы. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Баянды селосы, №7«Айналайын» бөбекжайының педагог-психологы. Ол облыстық, аудандық «Үздік психолог» байқауының жеңімпазы.
Еңбек жолында жеке тұлғаның дағдысының қалануына, білімді де білікті жас ұрпақтың қалыптасуына, әсіресе ерекше білімді қажет ететін балаларды түзету-дамыту жұмыстарын шеберлікпен жүргізіп келеді.
Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу үлкен біліктілікті қажет етеді. Сонымен қатар ата-аналармен де психологиялық тренингтер жүргізіп, бала тәрбиесіне байланысты кеңестер беріп, жас мамандарға жаңа жұмыс ортасына тез бейімделуіне психологиялық көмек көрсетеді.
Үнемі даму үстінде жүретін Айман Кеңесбайқызы жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, қызметін заман талабына сәйкес атқаруда.
М.Байманова,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Баянды селосы, №7«Айналайын» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.