
КӘСІПОДАҚТЫҢ «35 ИГІ ІС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ НАУҚАНЫ
Алматы қаласындағы Әуезов ауданының №132 гимназиясында «Ұстаз» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгерім Айтқазықызы айналасына қамқорлығын көрсетіп, нұрын шашып жүретін адамдардың бірі. Өткен 2024 жылы әЖақсылық жасауға асығамыз» науқаны аясында қамқоршысынан айырылған отбасыларға, денсаулық жағдайына байланысты ота жасатқандарға, бөпелі болған жас отбасыларына көмек ретінде бастауыш кәсіподақ ұйымы қорынан қаржылай, материалдық қолдау көрсетті.
Кәсіподақ мүшелері жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жәрдемін ұсынған, қамқорлықты қажет ететін адамдарға қол үшін беру арқылы адамгершілік туын биік ұстап келе жатқан игі іске ұйытқы болып отырған кәсіподақ төрағасы Айгерім Айтқазықызына алғыстарын жеткізді.
-
Фотографии
-