
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен көркем еңбек және музыка пәндері бойынша жас мамандарға арналған"Үздік педагог - 2025" облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау көркем еңбек және музыка пәнінің жас мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.
Байқау үш кезеңде өтті. Додаға жалпы білім беретін мектептердің 3-5 жыл еңбек өтілі бар көркем еңбек және музыка пәнінің мұғалімдері қатысты.
Байқау қорытындысында Тереңсай жалпы орта білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айсұлу Сабыр жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлап, облыстық кезеңге жолдама алды. Екінші орынды Т. Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гүлшара Әбдіханова иеленсе, үшінші орынды Мамыт негізгі орта білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ләззат Сәрсенбаева мен Жабасақ жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәнінің мұғалімі Шыңғыс Нұрқасымұлы бөлісті.
Байқау қорытындысында Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсәподағы ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов жеңімпаз атанған кәсіподақ мүшелерін дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
-
Фотографии
-