
АУДАНДЫҚ ҰЙЫМ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ САРАЛАДЫ
18 ақпан күні Абай облысының Ақсуат аудандық кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының қатысуымен комитет отырысын өткізді. Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Ахметқалиев 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарламаса жасады.
Ақсуат аудандық кәсіподақ комитеті құрамында 30 бастауыш кәсіподақ, 1624 кәсіподақ мүшесі бар ұйым. Аудандық кәсіподақ комитеті мен білім бөлімі арасына бірыңғай ұжымдық шарт жасалып бекітіліп, еңбек инспекторының мониторингінен өткізілген.
Жұмыс жоспарына сай есепті жылда кәсіподақ мүшелерінен еңбек құқықтарына байланысты әр түрлі сұрақтар түскен, атап айтсақ, 178-ге жуық ауызша сұрақтар, 9 жазбаша сұрақ, 12 кәсіподақ мүшесі жеке қабылдауда болып, құқықтық сұрақтарға жауап берілген. Сұрақтардың басым бөлігі еңбек ақыға, жеке еңбек шарттарына, жұмыс уақыттарына, қызметтік міндеттерге тағы басқа да жұмыс жағдайларына байланысты.
Кәсіподақ ұйымы бұдан бөлек спорттық шараларды ұйымдастыру, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, материалдық қолдаулар, мерекелік шараларды ұйымдастыруға атсалысты.
Аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына ұжымдық шартта қарастырылған кепілдіктер және оның орындалуы, қадағалануына байланысты семинар өткізілді.
Жиналыс барысында Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспары мен қаржылық смета жобасы таныстырылып, бекітілді.
Жиын соңында кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ ардагерлері марапатталды.
Абай облысының Ақсуат аудандық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-