
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ӨЗ ІСІНЕ БЕРІЛГЕН ЕҢБЕКҚОР ЖАН
Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі- Әлібаев Салауат Рахадылұлы.
1991 жылы Асусай орта мектебіне күзетші болып жұмысқа орналасып, осы күнге дейін осы білім ордасында 30 жылдан астам үздіксіз еңбек етіп келеді.
Салауат Рахадылұлының еңбек жолындағы адалдығы мен жауапкершілігі оның әріптестері мен оқушылар арасында зор құрметке ие. Ол мектептің тыныштығын сақтаумен қатар, әрдайым көмекке дайын тұратын жан. Мектеп ауласының тазалығы, оқушылардың қауіпсіздігі – Салауаттың басты назарында.