
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ «ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы білім беру бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ мүшелері арасында облыстық «Денсаулық» спартакиадасының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа ауданның барлық білім беру мекемелері мен спорт клубы қатысты.
Кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және бірлігін нығайту мақсатында өткізілген спартакиада волейбол, теннис, дартс ойындары бойынша өткізілді.
Жарыстың жабылу салтанатына Тасқала ауданы әкімі Т.Шакиров, Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев және бас маман Марина Темиргалиева, Тасқала ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Лайла Габбасова қатысты.
Аудан әкімі Т.Шакиров спартакиадаға қатысушыларды құттықтап, облыстық кезеңде жеңіс тіледі. Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жарыс қорытындысында командалар волейбол, теннис, дартс ойындары бойынша дипломдармен марапатталып, ал жалпы командалық есепте:
І орынды - «Саулет» МЛ
ІІ орынды - Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ
ІІІ орынды - Мереке МББК қанжығаларына байлады.
-
Фотографии
-