
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ СПОРТТАН БАҚ СЫНАСТЫ
Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында Жоғары аграрлық техникалық колледжінің базасында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері арасындағы VIII «Денсаулық спартакиадасы» өтті.
Еңбек ұжымының денсаулығын нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау және кәсіподақ мүшелерінің бірлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға 13 команда қатысты.
Жарысқа Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев, колледж директоры Али Масалимов және бас маман – ұйымдастырушы Марина Темиргалиева қатысып, волейбол, теннис, дартс ойындары бойынша бақ сынасқан командаларға сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.
Жарыстың қорытындысында жалпы командалық есепте:
І орынды – Тасқала колледжі
ІІ орынды – Политехникалық колледжі
ІІІ орынды – Бөкейордасы колледжі иеленді.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар облыстық кәсіподақ ұйымының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Фотографии
-