
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің жанынан құрылған жастар Кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті.
Оған Жетісу жастары орталығының Жастар бастамаларын дамыту және Neet тобымен жұмыс бөлімінің басшысы Дамира Айт, аудандық, қалалық филиалдардағы жастар Кеңесінің төрағалары және белсенді жастар қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Жетісу облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар, жас ұстаздардың тарапынан түскен арыз-шағымдардың қаралу барысы, Жастар Кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысын қорытындылау және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Жиында Жастар бастамаларын дамыту және Neet тобымен жұмыс бөлімінің басшысы Дамира Әлімбекқызы күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша баяндама жасап, «Серпін» әлеуметтік жобасы, Жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны» - түлектерді нақты қолдау жобасы, Ұрпақтар келісімшарты, Күміс жас, Zhas project, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту сынды бірқатар жобаларды таныстырды. Жас ұстаздар болашақ маман иелеріне қажетті ақпаратты жеткізетініне сенім білдірді.
Облыстық ұйымының заңгер – кеңесшісі Әсет Қайырхан кәсіподақ мүшелері тарапынан түсетін арыз-шағымдарының мәні мен мағынасына тоқталып, жас мамандардың құқығы жайында мәлімет берді. Педагог мәртебесі мен қызметі, арыз, шағым, өтініш, түсініктеме туралы ақпараттармен бөлісті.
Кезекті мәселе бойынша облыстық жастар Кеңесінің төрағасы Маржан Қайратқызы баяндама жасап, аудандық, қалалық деңгейде жас ұстаздармен жүргізілген жұмыстарды саралап, қорытындылады.
«Өткен жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Әр түрлі форматта шаралар ұйымдастырылып, кәсіподақ иминджін қалыптастыруда белсенді жастарға мүмкіндік берілді. Филиалдардың демеуімен өлкені тануға, дәстүрді құрметтеуге, мәдени мұраларды қайта жаңғыртуға жағдай жасалды. Жас ұстаздарда кәсіподақ тарапынан түрлі марапатқа ұсынылды»,- деді баяндамасында Маржан Жұмабек.
Сонымен қатар 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің баспасөз қызметі
-
Фотографии
-