
ЖАС ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ
Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі мен Қызылорда Қалалық Кәсіподақ Комитеті, «Jas Orda» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен №7 мектеп-лицейінде «Қызылорданың жас ақындары» атты қалалық білім беру ұйымдарындағы 42 жас ұстаздардың қатысуымен ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйра екі кезеңді қамтылды:
1) «Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл!» толуына орай арнау өлең;
2) Өз шығармашылығындағы еркін тақырыптағы өлең;
Мүшәйраға ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Әбдиев Ержеңіс Тастыбайұлы, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі, ақын, журналист Аружан Оралбай төрелік етті.
Жүзден жүйрік шығып, мыңнан тұлпар атанып, бәйгеде оза шапқан шын дүлділдер жеңіс тұғырынан көріне білді. Жүлделі орын иегерлері қалалық білім бөлімінің дипломдарымен және кәсіподақ комитеті атынан сый-сияпаттарымен марапатталса, өзге барлық қатысушылардың шығармашылық ізденістері үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мүшәйраның қорытынды нәтижесі бойынша:
І орын - Уәлиев Данияр Жеңісбекұлы (Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі)
ІІ орын - Қыстаубаев Алтынбек Сейілханұлы (Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі)
ІІ орын - Қонарбай Бекет Қайыржанұлы (Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебі)
ІІ орын - Балманова Ақерке Әбдіғаппарқызы (И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі)
ІІ орын - Ідірісова Айгерім Жансерікқызы (№7 мектеп-лицейі)
ІІ орын - Нұрылла Досбол Ерғалиұлы (№176 орта мектебі)
ІІІ орын - Әбдіхалықова Салтанат Әбілбекқызы (Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі)
ІІІ орын - Қайранова Аружан Уалиханқызы (№253 орта мектебі)
ІІІ орын - Қаппарқызы Айкерім («Алпамыс» балабақшасы)
ІІІ орын - Тоғызбай Әсел Бахытжанқызы (Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейі)
ІІІ орын - Акишева Жадыра Дауылбайқызы (М.Сужиков атындағы №6 орта мектебі)
ІІІ орын - Абилхан Инабат Нурланқызы («Ер Тарғын» балабақшасы)
Барша мүшәйра қатысушыларын шын жүректен қуана құттықтаймыз! Шығармашылық ізденіс жолында толағай табыстар тілейміз! Қаламдарыңыз ешуақытта мұқалмасын! Жүректен шыққан жыр шумақтары жүректерге жетсін!
-
Фотографии
-