
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Білім беру жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген жандардың бірі - Ділмағамбетов Әлішер Серікұлы.
Әлішер Ділмағамбетов - Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. Жалпы еңбек өтілі - 9 жыл.
Оқытушылық қызметке дейін Ақтөбе Хром қосындылар зауытында Бақылау өлшеу аспаптары және автоматика құралдарының V разрядті жұмысшысы қызметін атқарды.
Сабақ барысында студенттерге бақылау өлшеу аспаптарын монтаждау, баптау, іске қосып оны пайдалану барысында қызмет көрсету пәндерінен білім береді.
Әлішер Серікұлының еңбек жолындағы адалдығы мен жауапкершілігі студенттер арасында зор құрметке ие. Әріптестері оны өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары және еңбекқор маман ретінде таниды.
Ұлы мамандықты арқалап жүрген ұстаздың қызметтегі бағындыра биігі мен асар асуы да көп болсын демекпіз.