
МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес математика пәнінің мұғалімдеріне арналған Республикалық “Математикалық регата” олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиада төрт кезең бойынша өтті.
Шараның мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, кәсіби дағдыларын жетілдіру, оларды қолдау және ынталандыру.
Аудандық додаға қатысқан І орын иегелері облыстық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, жүлделі орын алған жеңімпаздарға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімінің дипломдары табысталып, кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар берілді.
-
Фотографии
-