
МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
1 наурыз – Алғыс айту күні аясында "Жұмысшы мамандықтар" жылына орай Ақтөбе облысында Қобда және Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы мен аудандық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен білім саласының қызметкерлері марапатталды.
Салтанатты шара барысында жалпы орта білім беру ұйымдарының кіші қызметкерлеріне аудандық кәсіподақ ұйымдарының ақшалай сыйақылары мен сыйлықтары табысталып, алғыс хаттар тапсырылды.
Басқосуда кәсіподақ төрағалары жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
- Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес екені белгілі. Тазалықтың жолында қаншама адамның ізі жатыр десеңізші?! Әлбетте, күнделікті күйбең тірлікте адам баласы қарапайым қызметкерлердің қызметі мен орнын қаншалықты маңызды екенін аңғара бермейді. Қай салада болмасын кіші қызметкерлерміз таң атқаннан кеш батқанға дейін сіз бен біздің таза жерде жүріп-тұруымызға септігін тигізуде. Сіздердің еңбектеріңіз зор. Сондықтан да қандай құрметке де лайықсыздар. Осы орайда бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, жемісті еңбек тілейміз, - деді.
Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
-
Фотографии
-