
САЛА МАМАНДАРЫНА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ
Алғыс айту күніне орай Қызылорда облысында Сырдария аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Салтанатты іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып, білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Алмас Есназар және мектеп, балабақша, өнер мектебінің жұмысшы мамандары қатысты.
Мерекелік іс-шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып ашты. Мамандарды мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді. Алғысөзінде Алғыс айту күнінің шығу тарихымен бөлісіп, атаулы күннің айлардың сұлтаны – Рамазан айымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Қызметкерлерді айтулы күнмен құттықтап, мерекеге қатысушы мамандарға мерекелік «Алғыс хат» және сый-сияпаттарын табыстап, құрмет білдірді.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмас Есназар кешті қорытындылады. Мерекелік шара аудандық өнер мектебі мұғалімдерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
-
Фотографии
-