
АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылының тұрғыны, «Е.П.Рыков атындағы орта мектебі» КММ жылу жүйелерінің операторы Алипин Жанайдар Қабдрашитұлы бірнеше жылғы адал еңбегімен жастарға үлгі болып қана қоймай, білім ошағының жайлылығына өз үлесін қосып отыр. Оның адал еңбегі мен жауапкершілігі ісіне деген шынайы қамқорлықтан көрінеді. Жанайдар Қабдрашитұлы мектептің жылу жүйелерін реттеп, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуына жағдай жасап келеді. Бұл ісі - қоғамдағы әділдік пен еңбекке деген құрметтің жарқын үлгісі.
Жанайдар Қабдрашитұлы өз міндетін жоғары жауапкершілікпен орындап, білім алушылардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосып келеді. Ол сонымен қатар шахмат шебері. Шахматты бала кезінен ойнайды, 15 жылдан астам уақыттан бері үлкен жарыстарға қатысып жүр. Катонқарағай ауданы бойынша шахмат ойынын үздік білетін ойыншы деп танылған. Жанайдар Қабдрашитұлы сондай-ақ кәсіподақ спартакиадасына тұрақты қатысушы, шахматтан бірнеше дүркін жеңімпаз.
Атап өтерлігі, Жанайдар Қабдрашитұлының әр ісі оның тек өз жұмысын жақсы меңгерген маман ғана емес, сондай-ақ қоғамға пайдалы азамат екендігін көрсетеді. Оның ерен еңбегі – жастарға, барша азаматтарға адалдық пен еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің маңызды екенін үйрететін шынайы үлгі.
-
Фотографии
-