
«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
«Алғыс айту» күніне орай Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданында аудандық ІХ «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Оған білім беру мекемелерінің 11 құрама командасы қатысып, спорттың үш түрінен (волейбол, үстел теннисі және дартс ойынынан) бақтарын сынады.
Шараның салтанатты ашылуында білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Найля Нарбұлова, ардагер ұстаз, кәсіподақ ардагері С.Қуанышалиев және кәсіподақ төрағасы Нұржан Сариев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты да қызықты өткен үстел теннисі жарысы бойынша ерлер арасында:
І орынды Алматбек Жахатов,
ІІ орынды Едіге Хибат,
ІІІ орынды Сағын Дінсейітов иеленсе,
45 жастан жоғары ерлер арасында:
І орын Бекболат Қонакбаевқа,
ІІ орын Нұрлыбек Таңатовқа,
ІІІ орын Ербол Серікұлына бұйырды.
Әйелдер арасында:
І орынды Меруерт Қайсағали,
ІІ орынды Салихова Гүлжүзім,
ІІІ орын Тәттігүл Нәсиева қоржындарына салды .
Сонымен қатар тартысты ойын көрсеткені үшін «Үздік техникалық ойыншы» аталымдарына ерлер арасында Мирас Жакин, әйелдер арасында Ранида Ахмедиярова лайық деп танылды.
Дартс ойынында ерлер арасында Мұзаппар Таңатов І орынды жеңіп алып, «Үздік сұрмерген» аталымын иеленсе, ІІ орынды Ақтілек Саханболатов, ІІІ орынды Жандос Шәкіров жеңіп алды.
Әйелдер арасында Нұргүл Әліпқалиева жеңімпаз атанып, І орын және «Үздік сұрмерген» аталымын иеленсе, ІІ орынды Раушан Әдешова, ІІІ орынды Тәттігүл Насиева місе тұтты.
Волейбол ойыны бойынша М.Мәметова мектебінің құрама командасы – І орынға ие болса, Бабажанов мектебі – ІІ орынды, Т.Масин мектебі – ІІІ орын тұғырынан көрінді. Ойын барысында Али Победов «Үздік ойыншы» атанса, «Ең үздік шабуылшы» аталымы Азат Мұқановқа (Бабажанов), «Ең үздік тосқауылшы» аталымы Нұрлыбек Бисембаевқа (Т.Масин), «Ең үздік байланыстырушы» аталымы Нұрлыбек Жахатовқа (А.Құсайынов) берілді.
Спартакиаданың жалпы қорытындысы бойынша А.Құсайынов мектебінің құрама командасы І орынды иеленсе, ІІ орынды М.Мәметова мектебінің құрама командасы, ІІІ орынды Бабажанов мектебінің құрама командасы еншіледі.
Жеңіс тұғырынан көрінген командалар аудандық кәсіподақ ұйымының атынан диплом, медаль, кубок, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Фотографии
-