
ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ-АНАЛАР!
Ұстаздық - бұл тек кәсіп емес, бұл - жүректің қалауы, жанның мейірімі. Ал мектеп басқару - үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді.
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп базасында 90, 85, 80 мерейжас иелері - ардагер ұстаздарға арналған “Тұлға тәрбиелеген аналар!” тақыбырында мерекелік шара өткізілді.
Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Шамшатова Ануза Аманжолқызы және қалалық кәсіподақ жанынан құрылған ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Байымбетов Мылтықбай Мұстафаұлы саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, шәкірттеріне білім мен тәрбие берген, білім саласының өркендеуіне өз үлестерін қосқан аяулы ұстаз-ардагерлеріге құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.
-
Фотографии
-