
ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНА ТАНЫМДЫҚ САПАРЫ
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жаңадан ашылған «Руханият» орталығы – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың рухани білімін арттыруға бағытталған ерекше орын. «Самғау» Жастар кеңесі мүшелері «Білім мен руханият үндестігі» тақырыбында танымдық сапар ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастар орталықтың қызметімен танысып, тарихи-мәдени жәдігерлер мен құнды деректермен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Рухани тәрбие мен білімнің байланысы, ұлттық мұраның жас ұрпаққа тигізер әсері туралы маңызды пікір алмасулар өтті.
Орталық мамандары жастарға қазақ мәдениеті мен тарихына қатысты тың деректер ұсынып, тағылымды ақпараттармен бөлісті.
-
Фотографии
-