
ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ - КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР
Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім саласында қызмет атқаратын көпбалалы аналар - “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлеріне арналған “Ана - Бақыт! Ана - Өмір! Ана - Гүл!” тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Білім саласының дамуына үлес қосып қана қоймай, еліміздің демографиялық жағдайын жақсартуға, келешек жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен кіші қызметкерлерге қалалық білім бөлімінің және кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамотасы, Алғысы және сый-сияпаттары табыс етілді.
-
Фотографии
-