
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ СПОРТТЫҚ ДОДАДА БАҚ СЫНАДЫ
Ағымдағы жылдың Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ мүшелері арасында облыстық «Денсаулық» спартакиадасының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Жарысқа 26 бастауыш кәсіподақ ұйымынан командалар қатысып, Өркен МББК, Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, Қ.Мырза Әлі атындағы ЖОББМ, Асан МББК аудандық кезеңге іріктеу ойындары өткізілді. Әр іріктеу кезеңінен аудандық кезеңге 2 топтан шығарылды. Асан МББК базасында өткізілген аудандық финалдық ойындарға волейбол, үстел теннисі, дартс ойындарынан 8 команда қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша Волейбол ойынынан топтық есепте I орынды – Асан ЖОББМ, II орынды – Б.Момышұылы атындағы ЖОББМ, III орынды – Жайық ЖОББМ иеленді.
Дартс ойыны бойынша ерлер арасында Асан МББК, Достық ЖОББМ, Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ мүшелері, қыздар арасында Асан МББК, Үлкен-шаған МББК, Сұлукөл НМ мүшелері бірінші, екінші, үшінші орындарға ие болды.
Үстел теннисі бойынша ерлер арасында жүлделі орындарға Жамбыл, Сұлукөл, Ш.Уәлиханов атындағы мектептер, 45 жастан асқан ерлер арасында Чиров НМ, Зеленый, Үлкен Шаған мектептерінің кәсіподақ мүшелері ие болды. Қыздар арасындағы үстел теннисінен I орынды-Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ, II орынды-Чиров НМ, III орынды-Т.Бигелдинов атындағы мектептен қатысушылар иеленді.
Барлық ойын жеңімпаздары мен волейбол ойынынан топтық орындарға үздік байланыстырушы, үздік қорғаушы, үздік ойыншы номинацияларына құнды сыйлықтар табысталып, жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
-
Фотографии
-