
ОРАЛДА VII «ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
БҚО білім саласының Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшелері арасында ұйымдастырылған қалалық VІІ «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Бұл шараның мақсаты:кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және бірлігін нығайту, білім және ғылым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиаданың ашылуында Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Гүлжанат Құрманғазиева алғы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, арнайы шақырылған әлеуметтік әріптестерге алғысын білдірді.
Сонымен қатар Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушыИндира Амертаева, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын насихаттауға да қолдау көрсетіп, спартакиаданың осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғаны туралы атап өтті.
Спартакиадаға қалалық білім беру мекемелерінен46 құрама командалары барлығы 600-ден аса кәсіподақ мүшелері волейбол және үстел теннисі, дартс ойындарынан жарысқа қатысты. Ептілікті сынға салған сәтте бірі жеңіп жатса, екіншісі жеңіліп жатады. Осы орайда жиналған спортшыларымыз өздерінің үлкен дайындықпен келгендерін байқатты.
Білікті төрешілердің саралауы бойынша спортшылар арасынан үздік ойыншылар да таңдалып, жеңімпаз командалар анықталды.
Екі күнге созылған жарыстаекі аймақ бойынша командалық жалпы есеппен жеңіске жеткен құрама командалар:
- І орын иеленгендер: қалалық №19жалпы орта білім беретін мектебі және А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
- ІІ орын иеленгендер: қалалық №1жалпы орта білім беретін мектебі, А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясы, №4қосымша білім беретін мектебі және №23 жалпы орта білім беретін мектебі мектебі;
- ІІІ орын иеленгендер: №37жалпы орта білім беретін мектебі,Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебі, №9 жалпы орта білім беретін мектебі,№45 жалпы орта білім беретін мектебі және №21 жалпы орта білім беретін мектебі және Эстетикалық бағыттағы гимназиясы.
Жарыс қорытындысында Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Тулеген Темешев спорттық-бұқаралық көпшілік шараны қорытындылап, жеңімпаздарға кәсіподақ тарапынан дипломдармен арнайы кубоктар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фотографии
-