
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА СПОРТ САЙЫСЫ
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауылында білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері арасында аудандық спартакиада өтті. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиадаға 14 құрама команда қатысты. Шараның мақсаты кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру, бірлігін нығайту және кәсіподақ мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жалпы командалық есеп бойынша:
1 орын - Чапаев ЖОББМ, Долинс НОМ, Шөптікөл құрама командасы
2 орын - Подстепный ЖОББМ
3 орын - Ы.Алтынсарин ЖОББМ, Қоғалытүбек НОМ, Қызылжар, Восход НОМ құрама командасы.
Жарысқа қатысушы командалар мен жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымының атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңіспаз болған құрама команда облысқа жолдама алды.
-
Фотографии
-