
ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2025» БАЙҚАУЫ
Жалпы білім мекемелеріндегі сынып жетекшілердің шығармашылық ой-өрісін дамыту, кәсіби деңгейін өсіру, ұжымның ата-аналармен белсенділік жұмыстарын шыңдау, сынып жетекшінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда облыстың үздік сынып жетекшісін анықтау мақсатында Абай облысының кәсіподақ ұйымымен бірге «Үздік сынып жетекші – 2025» байқауы өткізілді. Сайыс үш кезеңнен тұрды.
«Мен сынып жетекші» деп аталған бірінші кезеңде сынып жетекшілер өздерінің өмірге деген көзқарастары, педагогоикалық кредо, комуникативтік мәдениет, ораторлық өнер тәсілдері, өздерінің тәрбие жұмысындағы шығармашылық ізденісі, жаңалығы, қол жеткізген нәтиже көрсеткіштерімен таныстырды.
Екінші кезеңде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» («Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналған ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» сынды құндылықтар негізінде сыныптан тыс іс-шара үзіндісін бейнеролик арқылы қорғап, педагогикалық технологиялар, жеке тұлғаны тәрбиелеуде жас ерекшелігіне сай шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Үшінші кезеңде «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» бағытында қатысушылар педагогикалық ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, тәрбие жұмыстарындағы жеке өз тәжірибелерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен 1 орынды Жаңа Семей ауданының «Озерки жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сынып жетекшісі А.Жүнісова, екінші орынды Ақсуат ауданы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ сынып жетекшісі А.Ыбышова иеленді. Ал, үшінші орындар Аягөз ауданы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ сынып жетекшісі Н.Сабырхановаға, Жарма ауданы «Маяковский атындағы ЖОББМ» КММ сынып жетекшісі Е.Сапаш, Облыстық ММГИ сынып жетекшісі М.Алдажароваға бұйырды.
Сондай-ақ қатысушыларға салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымынан қаржылай сыйақылар табысталды.
А.Абдухамитов,
Абай облыстық инновация-әдістемелік
орталығының кәсіподақ төрағасы
-
Фотографии
-