
АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛДІ
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен халықаралық әйелдер күні және Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған қыздар арасында «Мергендер сайысы-2025» аудандық байқауы өтті.
Шараға ауданның 16 мектебінен 48 нәзік жанды қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Байқау мектеп мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жеке және командалық спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Байқау қортындысы бойынша командалық есепте Жамбыл орта мектебі І орынды, Абай орта мектебі ІІ орынды, М.Жұмабаев орта мектебі ІІІ орынды иеленді.
Жарыста Абай атындағы орта мектептің мұғалімі Аймира Бисенбина, Жамбыл орта мектебінің мұғалімі Камила Төлепова «Мерген ару» номинациясына ие болды.
Жүлделі орын алған командалар мен жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталып, кубок, медаль және бағалы сыйлықтарды иеленді.