
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Халықаралык әйелдер күніне орай салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұлттық спорттық ойындарды дамыту және қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы білім ұйымдары қызметкерлерлері арасында волейбол және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушылар қызықты ойын үлгілерін көрсетті.
Жүлделі орын алған барлық қатысушыларға Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымынан сыйлық-сертификаттар табысталды.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық филиалы.
-
Фотографии
-