
ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАР АРАСЫНДА БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
Қызылордада қалалық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Салалық кәсіподақтың «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» дәстүрлі республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқау мақсаты:
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру ;
• Жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларына сәйкес жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы;
• өндірістік жарақаттануды және кәсіби сырқаттанушылықты төмендету;
• еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру ;
Байқау нәтижесінде:
І орынды С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейінің еңбек қорғау жөніндегі техникалық инпекторы Сартай Ерсайын Бақтыбайұлы;
Іі орынды С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің еңбек қорғау жөніндегі техникалық инпекторы Жақсылық Мөлдір Жарқынбекқызы;
ІІІ орынды Абай атындағы №138 орта мектебінің еңбек қорғау жөніндегі техникалық инпекторы Байзақова Гүлжан Ерболқызы иеленді.
Жеңімпаздарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.
С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инпекторы Сартай Ерсайын Бақтыбайұлы облыстық кезеңге жолдама алды.
-
Фотографии
-