
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ДАРТС ОЙЫНЫНАН БАҚ СЫНАСТЫ
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында білім беру бөлімінің және аудандық кәсіподақ комитеті-филиалының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 11 наурыз күні «Спорт кешені» ғимаратында Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне және салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері арасындағы облыстық IX «Денсаулық» спартакиадасының Дартс спорттық ойын түрінен іріктеу кезеңі өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты: кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және бірлігін нығайту.
Жарыс қорытындысы бойынша өз әріптестерінен басым түсіп, жүлделі орынға ие болған командалар:
I орынға Алма Оразбаева атындағы ЖОББМ;
II орынға Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешені;
III орынға Казталов мектеп-лицейі командасы ие болды.
Жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімінің және Казталов аудандық кәсіподақ комитеті-Филиалының дипломдары, медальдары және сыйлықтарымен марапатталды. Алма Оразбаева атындағы ЖОББМ құрама командасы алдағы уақытта аудан намысын қорғап, облыстық спартакиадада бақтарын сынайтын болады.