
ҰСТАЗДАРДАН НАУРЫЗ ДӘМІ
«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК ұстаздары әз-Наурыз мерекесі қарсаңында жылдағыдай бауырсақ пісіруге кірісіп кетті. Біздің оқу орнымыз бұл игі істі дәстүрге айналдырған. Колледж оқытушылары бауырсақ илеп, Наурыз көже пісіріп, мыңдаған шәкірттердің алғысына бөленеді. Әрине «Наурыз дәмі» ұстаздарға да, студенттерге де тегін таратылады, өйткені аталған іс-шара колледждің студенттер мен қызметкерлерінің бастауыш кәсіподағы тарапынан ұйымдастырылады.
Мереке қарсаңындағы бұл шара - ұстаздар қауымының еңбегін ерекше бағалаудың бір көрінісі. Ұстаздардың қолынан шыққан дәмді бауырсақ пен наурыз көже әрбір студенттің жүрегіне жылулық ұялатып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Бұл игі дәстүрдің жалғасын табуы, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, үлкенге құрмет көрсетуге және бір-біріне деген мейірімділік пен сүйіспеншілікті арттыруға септігін тигізеді.
Наурыз мерекесінің басты мақсаты – халықты бірлікке, жаңару мен жасампаздыққа шақыру . Ұстаздардың бұл бастамасы осы мақсатқа жетуге зор үлес қосады.
Жанна Дәуітова,
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің бастауыш кәсіподақ төрағасы
-
Фотографии
-